АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тараз» футбол командасының бас бапкері Нұркен Мазбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, клуб пен бас бапкер арасындағы еңбек шарты өзара келісім арқылы тоқтатылған.
Нұркен Мазбаев 1972 жылы дүниеге келген. 1992-2007 жылдар аралығында еліміздің бірқатар клубтарында доп тепті. 2008 жылдан бері қазақстандық клубтарда түрлі қызметтерді атқарды. Жыл басынан бері «Тараз» клубына бас бапкер болды.
Ел біріншілігінде аталған клуб 27 ұпаймен 10-орында тұр.
Енді команданың бас бапкерінің міндетін Нұрмат Мырзабаев атқарады.
Еске салсақ, бұдан бұрын тараздық клуб Қазақстан кубогы жартылай финалында Оралдың «Ақжайығына» жол берді.
Фото: fctaraz.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.