Тараз қалалық сотына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты
08:52, 19 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Тараз қалалық сотына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Ішкі істер департаментінің пультіне мамырдың 18-інде сағат 14.04-те №2 қалалық сот ғимаратында ішінде жарылғыш құрылғысы болуы ықтимал шабаданның жатқаны туралы қоңырау түседі. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай бомба табылған жоқ.