Тараз қаланы қардан тазалау жұмыстарына белсене кірісіп кетті

ТАРАЗ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Аймақта 22-інен 23-іне қараған түні толассыз жауған қардың салдарынан Тараз қаласының коммуналдық қызметтері жедел шараларды қолға алды.

ҚазАқпарат тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 23 ақпан күні 01 сағат 30 минуттан бастап облыс орталығының көшелерін қардан тазарту және жолдарға құм мен тұз себу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта тоғыз қар жинайтын техника мен төрт құм шашатын автокөлік жұмылдырылды. Жаяу жүргіншілер жолдары, алаңдар мен гүл бақтарын қардан тазарту үшін МТЗ-82, МК-320 тракторы, автотиегіш, автогрейдер мен өзге де техника тартылды.

Мұзтайғақты жою үшін 38 тоннадан астам тұз бен шамамен 120 текше метр құм пайдаланылады. Қала аумағын тазарту жұмыстарында 79 көше қамтылды.

Қазіргі уақытта Тараз қаласында қардан тазарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды баспасөз қызметі.