«Жыл сайын кәсіпорында жылу желілерін, аспаптарды және басқа жабдықтарды жаңарту жоспары жасалады. Аталған мақсатта жылу қуатын тұтынғаны үшін халықтан түсетін қаражат пайдаланылады. Алайда мекеме тарапынан М-3 қалалық магистральін жаңарту бойынша жылдық жоспар орындалмаған», — деп жазды бақылаушы органнан.
Бұл ретте Тараз қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы органымен өтемақы тарифі енгізілді. Нәтижесінде 1 441 абонент пен 225 кәсіпкер үшін жылыту тарифі әр текше метр үшін 2 348,71 теңгеден 2 232,83 теңгеге дейін 4,9%-ға төмендеді.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін «ТаразТрансЭнерго» МКК-на 552 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды (ӘҚБтК 164-бабының 4-бөлігімен).