«Жамбыл облысында, жеке кәсіпкерге қатысты тексеруді заңсыз ұйымдастыру жолымен әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартуға мәжбүрлеген «Тараз қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының» РММ басшысының үстінен қызметтік өкілеттігін асыра қолданғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.
Аталмыш әкімшілік іс жүргізу шешімдері Тараз қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша жойылған.
Бұған дейін хабарланғандай, аталған лауазымды тұлға жеке компания өкілінен санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытынды бергені және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін 100 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталған болатын.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
«Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», делінген хабарламада.