деп хабарлады көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысына қарасты Меркі стансысында 42 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталып, одан 1 келі 10 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.
Сондай-ақ жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында осы облысқа қарасты Тәтті стансысында Тараз қаласының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған азаматтан да 1 келі 90 грамм кептірілген марихуана алынды.
Екі факті бойынша да сот-химиялық сарапта тағайындалды. Ұсталған азаматтар уақытша оқшаулау орнына қамалды.