ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеуінше, 40 жастағы азамат 17 қаңтар суға кеткен болуы мүмкін.
«18 қаңтарда Шөлдала елді мекеніндегі «Ветеран» саяжайлар алабында ТЖД арнайы құтқару жасағы арнадан 1978 жылғы ер адамды іздестірді», деп хабарлады ведомство.
Алғашқы тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. 19 қаңтар жұма күні күндізгі сағат 14:45-те жоғалған адамның денесі судан шығарылды.