Қала әкімдігі қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен сот үкімімен тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.
Аталған азаматтардың заңсыз әрекетінен келген залал сомасы 100 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптама жасап жатыр.
Олардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.