Компания мәліметінше, 2025 жылғы 7 маусым сағат 12:20 жағдай бойынша көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылып жатыр.
— Төрт күнге созылған жұмыстардың нәтижесінде ірі габаритті жүк жол жиегінен шығарылды. Қазіргі уақытта тралды шығару жұмыстары жалғасып келеді. Бұл шаралар аяқталғаннан кейін жол жабынының жай-күйі бағаланып, көлік қозғалысын толық қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жүргізушілерден сақтық танытып, жолдағы уақытша шектеулерді ескерулерін сұраймыз, — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Машат асуында жүк көлігі жол апатына ұшырап, Тараз — Шымкент трассасын жауып тастағанын жазғанбыз.