Тараз — Шу бағытындағы теміржол өткелінде машинист апаттың алдын алды

Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Пассажирлік пойыздың локомотив бригадасы трактордан ажырап, теміржолда тұрып қалған трактордың тркемесімен соқтығысудың алдын алды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

— 2025 жылдың 7 маусымында Тараз — Шу учаскесінің (Жамбыл бөлімшесі) теміржол өткелінде жолаушылар пойызының локомотив бригадасы трактордан ажырап, теміржолға түскен жүк тіркемелерімен соқтығысудың алдын алды. Машинист шұғыл түрде және дер кезінде тежегішті басты, — делінген ұлттық компания таратқан хабарламада.

Пойыз тіркемелерден небәрі екі метр жерден тоқтатылды, жолаушылар мен пойыз құрамына қауіптің алдын алуға мүмкіндік туды.

Тіркемелер шұғыл түрде теміржолдан шығарылып, пойыз жолын жалғастырды.

Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

Осыған дейін Астана – Жезқазған бағытындағы пойызда сәби дүниеге келгені туралы жаздық.