Тараз студенттері Майкл Джексонды еске алды

None
ТАРАЗ.  Қазанның  27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -  М.-Х. Дулати  атындағы Тараз  мемлекеттік  университетінде    поп-музыка королі    Майкл  Джексонның  құрметіне    қайырымдылық концерті    өтті, 

деп хабарлайды Тараз әкімінің  баспасөз   қызметінен. 

Билеттерді сатудан  түскен   қаржы        Тараздағы  «Ұлан»  балалар  үйінің  тәрбиеленушілерін  қолдау  қорына аударылып  отыр. Миллиондаған  адамды өнеріне  тәнті еткен    әншіні  еске алу концертінде    Майклдың  репертуарындағы  әндер шырқалды,  би  нөмірлері көрсетілді.

Бұл  концертті  Тараз университетінің заң  институтының  үшінші курс  студенттері Бауыржан Айдаралиев пен  Назым Үсеновалар, институт  ректоратының  және      жастардың  идеялар банкінің  қолдауымен   ұйымдастырды.

Билеттен түсіп отырған  ақша -    50 мың теңге -  әрине «теңіздің тамшысындай» ғана,  бірақ  біз  баршаны немқұрайды  қалмауға   және    жетім балаларға көмектесуге   шақырғымыз  келді»,  дейді    концертті  ұйымдастырушылар.