Әлеуметтік желілердегі Тараздың топтарында бұл мәселе кеңінен талқылануда.
«Екі аптадан бері химиялық өнеркәсіп маңы ауылында не таңертең, не кешке терезе ашу мүмкін емес болып тұр. Ыстың иісі - сұмдық сезіледі! Қайдан шыққанын кім біледі? Тұрмыстық қоқысты жағып жатқанға ұқсамайды, себебі бір иіс қайта-қайта шығады». «Иісіне шыдау мүмкін емес. Демікпесі бар адамдарға тіпті қиын», - деп қала халқы желіде наразылықтарын білдіруде.
ҚазАқпарат тілшісінің Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жіберген сауалына ведомство басшысы Бағдат Данилов телефон арқылы былай деп жауап берді: «...Түтін зауыттан шығып жатыр. «Қазфосфат» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар зауыты жұмыс жасап тұр. Сол жерге хабарласып анықтау керек. Білуімше, тұрғындар әкімдікке шағымданған», - деді Жамбыл облысы ТЖД басшысы.
19:35, 12 Шілде 2018
Тараз тұрғындары қаладағы ыстың иісіне шағымданды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз тұрғындары әртүрлі инстанцияларға қала аумағының оңтүстік-батыс бөлінен шығатын күйіктің иісіне шағым түсіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.