Тараз тұрғындары жалған сусындар ішіп келген
2013 жылдың басынан бастап департамент қызметкерлері «Coca-Cola», «Sprite», «Fanta» сусындарын және алкогольді сусындар дайындаумен айналысқан екі астыртын цехты әшкереледі. Көлеңкелі бизнес фактісі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды.
«Қаржы полициясы департаментіне О. есімді азамат «Coca-Cola», «Sprite», «Fanta» сауда белгісіндегі газдалған сусындарды бейберекет тәсілмен жасап шығарумен айналысады және олар әрі қарай Тараз дүкендеріне түседі деген шұғыл ақпарат келіп түсті, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінде. - Шұғыл-іздестіру шаралары барысында облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері «Coca-Cola», «Sprite» және тағы басқа сусындарды Тараздың орталығындағы дүкендердің біріне өткізбекші болған кезде О. есімді азаматты ұстады. Бұл сусындар күмән тудырды, өйткені олардың қақпақтарында дайындалу уақыты көрсетілмеген».
О. есімді азамат Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында (Тараздан 20 шақырым жерде) иесіз қалған үйлердің біріндегі жертөледе «Coca-Cola», «Sprite», «Fanta» сусындарын дайындаумен айналысатын астыртын цех ұйымдастырған. Ғимаратты қарау кезінде антисанитарлық жағдайда бейберекетсіз тәсілмен дайындалған бөтелкелерге құйылған 3 434 литр өнім табылды.
Осыдан басқа, Тараз қаласындағы пәтерлердің бірінен О. есімді азамат 0,5 литр көлеміндегі «Taiga» маркалы алкогольді өнімді дайындаған. Пәтерді тексеру барысында «Taiga» арағының 248 бөтелкесі, пластикалық бөшкеде 80 литр спирт және 1 750 дана есептік-бақылау өнімі табылып, тәркіленді.
«Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 199 бабында (бөгде тауар белгісін пайдалану) және ҚР ҚК 208 бабы (акцизделетін тауарларды акцизделген маркалармен және есептік-бақылау маркалармен таңбалау ережесін және тәртібін бұзу, акцизді және (немесе) есептік-бақылау маркаларын қолдан жасау) бойынша қарастырылған қылмыс белгілерінің мәніне тергеу алды тексеру жүргізілуде, - деп мәлімдеді жамбылдық қаржы полициясында.