Бұл туралы облыстықполиция департаментінің баспасөз қызметі мәлдімдеді.
«Тараз қаласыныңПолиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полициябатальонының қызметкерлері облыс орталығында патрульдеу кезінде қалакөшелерінің бірінде «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін тоқтатты. Таразқаласының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлік салонын тексерубарысында тәртіп сақшылары салмағы 21 келі 360 граммды құрайтын екі қап өсімдікзатын тапты. Сараптама оның марихуана екенін көрсетті»,- делінген хабарламада.
Аталмыш дерек бойыншаҚылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.