Тараз түрмесінде қылмыскер өзіне қол жұмсады

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз түрмесінде 12 жыл бұрын сотталған қылмыскер өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға ЖД-158-де 7мекемесіндегі ағаш өндеу цехында, кешкісағат 6-лар шамасында болған. Алайда ол аумақта бейнебақылау камераларыболмаған. Айта кетейік, жазасын өтеуші аса ауыр қылмыс жасағаны үшіносыдан он екі жыл бұрын 19 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

«Ол өзінің ауылдас досыныңәйелін зорлап өлтірген. Оқиға 2008 жылы болған, ол үнемі оған өкініп уайымдапжүретін. Бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны үшін бізде есепте тұрған.2016 жылдан бері бақылауда ұстадық. Алайда өкінішке орай, осындай қараусызқалған кезінде өз-өзіне қол жұмсап мерт болды»,-дейді ҚР ІІМ қылмыстық-атқаружүйесі комитеті бастығының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков.

Аталмыш оқиға туралыәлеуметтік желіде бірінші болып құқық қорғаушы Елена Семенова жария етті. Олсотталушының өзін-өзі өлтіру нұсқасына сенбейді.

«Құзырлыоргандар өзін-өзі өлтірді деп айтады, бірақ сотталушылар бұл нұсқаға сенбейді. Менде сенбеймін. 12 жылдан бері өзіне қол салғысы келсе осынша ұзақ уақыт ойланбаседі. Оны психолог мамандар да айта алады. Жазасының жартсынан көбін өтеген олбұл қадамға баруы мүмкін емес»,-дейді Елена Семенова.

Аталған жағдайға қатысты медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар