Тараз университетінде қазақстандық-түрік орталығы ашылды (ФОТО)

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - М.-Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ТарМУ мен Кастамону (Түркия) университетінің арасындағы өзара ынтымақтасттық туралы меморандум ауқымында қазақстандық-түрік орталығының ашылуы болды. Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Екі жоғары оқу орнының өзара тығыз қатынастарының қорытындысы білім саласындағы қазақстандық-түрік қатынастарын ілгері жылжыту мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

М.-Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Кастамону университетінің атынан екі университетте де тіл және мәдениетті негіздеу орталығы ашылды. Түрік тілі, білімі, мәдениеті және өнерінен түркі өркениетінің бір бөлігі ретінде, ғылыми қызметкерлердің, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың алмасу бағдарламасына қатысуын үйлестіру көзделеді. Түрік мәдениеті, түрік тілі мен өнері күндері ұйымдпастырылатын болады. ТарМУ мен Кастамону универсиеті профессор-оқытушылар құрамының, студенттерінің ғылыми жұмыстарын жариялау қолға алында

ТарМУ орталығын ашу салтанатына Кастамону университетінің ректоры Сейіт Айдын басқарған Кастамону делегация келді.

Орталықтың ашылу салтанатында ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков 2014 жылдан бері жоғары оқу орындары академиялық ұшқырлық бағдарламалары ауқымында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. «ТарМУ оқытушылары Кастамону университетінде дәріс оқыды, өз кезегінде біздің студенттер де Кастамону университетініің дәрістерін тыңдады. Біздің екі студентіміз бір семестр бойы Кастамону университетінде оқыды және осы жоғары оқу орнының екі студенті ТарМУ-да оқытудан өтті. Ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы біздің жоғары оқу орындарымыз арасындағы берік достықтың жарқын көрінісі», - деді ТарМУ ректоры М.Сарыбеков.

Өз кезегінде Кастамону университетінің өкілдері жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық өзара тиімді екенін атап өтті.

Кездесуден кейін ТарМУ ректоры ғылыми кеңес мүшелерімен бірге Кастамону университетінің өкілдеріне «М.Х Дулати» төсбелгісін тапсырды. Қонақтар үшін қаланың көрнекті орындарына экскурсия ұйымдастырылды.