Тараз университетінің экспедициясы киелі орындарды іздейді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мұғалімдері мен студенттері Жамбыл облысы бойынша «Әулие ата - киелі мекен» атты экспедицияға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі білім ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экспедицияның жоспарында - жергілікті географияны, археологияны, сондай-ақ Жамбыл облысындағы этностардың тарихын зерттеу, құрамына Қарахан мен Айша бибі, Тектұрмас пен Ақыртас кіретін танымал киелі орындар бар.

«Бұл соңғы жылдар ішіндегі екінші ірі экспедициямыз. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай біздің университетіміз «Ұлы халық жолымен» экспедициясын ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек хандардың Шу өзенінің сағасымен жүріп өткен жолының картасы жасалды, - деді ТарМУ ректоры Махметқали Сарыбеков.

ТарМУ Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының өкілдері екі апталық «Әулие ата - киелі мекен» экспедициясында үш бағыт бойынша жүріп өтеді. Олар Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысуғ, Байзақ, Шу, Мойынқұм, Рысқұлов, Мерке және Қордай аудандарына барады.  

Соңғы жаңалықтар