Компанияның мәліметінше, шектеу жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі. Ол 2026 жылғы 9 және 10 шілде күндері сағат 07:00–ден 21:00–ге дейін 518-535 шақырым аралығында, НДФЗ ауданынан Айша бибі жол айрығына дейінгі учаскеде қолданылады.
— Көлік қозғалысы сызбада көрсетілген балама айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады. Учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері орнатылған, — делінген хабарламада.
ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілеріне сапарын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін ҚазАвтоЖол жолдардағы жаңа «ақылды» камералардың не үшін орнатылып жатқанын түсіндірген еді.