Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«2007 жылы туған жасөсіпірім қала аумағына қарасты «Қапал» каналында суға шомылып жүріп, батып кеткен. Мәйітті 28 мамыр күні түскі сағат 14:00 шамасында Жедел құтқару жасағының құтқарушылары судан шығарған» делінген мәліметте.
Айта кетейік, құтқару-іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті мен ПБ кезекші жедел-тергеу тобынан 10 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған. Алайда баланы аман алу мүмкін болмады.