Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті 14 жастағы Яна Шиповскаяның жоғалу фактісін растады. Ол 19 сәуір күні мектептен шығып, жоғалып кеткен. Қайда екені белгісіз.
Әлеуметтік желілерде қыздың жоғалғаны туралы хабарлама тараған: «Бойы 150-155 сантиметр, шашы қара, орта денелі. Қыздың үстінде кардиган, ашық түсті футболка және қара джинсы болған».
Жоғалған мектеп оқушысы туралы ақпарат білетіндерден мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 7 707 490 32 28, 7 775 511 17 77.
Оны іздеуге Тараз еріктілері атсалысуда.
«Яна Шиповскаяның жоғалғаны туралы ата-анасы өтініш түсірді. Қазір іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-де.