Атап айтар болсақ, жергіргілікті атқарушы орган ата-ана қамқорлығынсыз қалған және дамуында ауытқушылығы бар жеткіншектерге оқу кезінде қоғамдық көлікте жүру үшін заңнамамен қарастырылған өтемақыны төлемеген.
Сондай-ақ «Болашақ», «Мейірім» және ақыл-есі кем балаларға арналған үш мектеп-интернатта оқушыларға тегін берілуі тиіс тамақ пен киім де берілмеген. Оқу орындарының әкімшілігі бюджетті жоспарлау кезінде бұл мақсаттарға арнайы қаражат қарастырмапты.
«Жол берілген заң бұзушылықтар үшін 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал екі интернат және облыстық білім басқармасының басшыларына 110 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынған»,-дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Қайсар Бекмұратов.