Таразда 280 көпқабатты тұрғын үйден тұратын жаңа шағын аудан бой көтеруде

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы жаңа 15-шағын ауданда биыл 80 және 60 пәтерлі 25 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы ӨКҚ алаңында қала басшысы Қайрат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Сүлейменов көшесінің соңындағы 362гектарда 15-ші мөлтек ауданының құрылысы жүргізілуде. Онда «Нұрлы жер» тұрғынүй құрылысы бағдарламасы аясында 10 300 отбасына арналған 280 көпқабаттытұрғын үй бой көтермек. Қазіргі таңда 25 үй салынуда. Алқаптың байланыс, кәріз,су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкікварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгітаңда 80 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға берілген»,- дейді Қайрат Досаев.


Сондай-ақ,жаңа шағын аудан маңынан жеке тұрғын үйлерқұрылысын жүргізу бойынша 555 жер телімі бөлінген. Бұл жер телімдеріне жекеинвесторлар несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердіңқұрылысын жүргізбек. Оның 255-і бойынша 4 мердігермен келісімшарт жасалған.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша 16 054 адамтұрғын үй кезегінде тұр.



Соңғы жаңалықтар