Облыс орталығының аумағын патрульдеу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Нива Шевролет» автокөлігін тоқтатқан.
«Тараз тұрғынының тәртіп сақшыларымен сөйлесудегі мінез-құлқы мен көлік салонындағы ерекше иіс полицейлердің күмәнін тудырды. Машина тексеріліп, оның барысында өсімдік тектес төрт қап кептірілген марихуана табылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.