Таразда 300 әйел полицей марапатталды

None
ТАРАЗ. 8 наурыз. ҚазаАқпарат - Жамбыл облысының ішкі істер департаментінде құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін әйелдер марапатталды.

«Жамбыл облысының ішкі істер органдарында нәзік жанды болғандарына қарамастан, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап келе жатқан 300-ден астам әйел жұмыс істейді», - деді Жамбыл облысы бойынша ІІД-нің басшысы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талас ауданы ІІБ-нің аға тергеушісі Самал Жұманбаева ІІМ Құрмет грамотасымен, ІІД ОЖБ-ның аға инспекторы Айгүл Байымбетова 2-ші дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Полиция қызметіндегі 10-нан аса әйел Ішкі істер министрінің, Жамбыл облысы әкімінің грамотасымен және алғысхатымен марапатталды. 248 әйел жұмыстағы жоғары көрсеткіші үшін ынталандырылды, 25 қызметкер «Қазақстан полициясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталып, 25-і грамоталар мен бағалы сыйлықтар алды. Сондай-ақ 195 қызметкерге жалпы сомасы 7 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді. Ақшалай сыйлықтарға ІІБ ардагер әйелдері де ие болды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.