Таразда 5 адам, оның ішінде үш бала көмірқышқыл газына уланып қалды - ТЖМ

None
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Тараз қаласында бес адам, оның ішінде үш бала көмірқышқыл газына уланып ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

«Дүйсенбі, желтоқсанның 28-і күні кешке жекеменшік сектордағы үйлердің бірінде пештің ақауы салдарынан (табиғи газ) 5 адам иіс тиіп ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында жеті, тоғыз және онүш жастағы балалар бар», - деп анықтады ТЖМ.