«Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлаған. Ол ауруханаға жатқызылды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Оқыс оқиға Самал шағын аудандағы үйлердің бірінде болған. Ес-түссіз күйде ауыруханаға жеткізілген қыздың өмірі үшін дәрігерлер бар күштерін салып күрескен. Өкінішке орай, олар баланы аман алып қала алмаған.
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бүлдіршіннің жарақаты қатты ауыр болған.