Тексеру кезінде 60-тан астам осындай пәтер анықталды. Оның 15-і «Әр иесіз пәтерді есепке алу» жаңа жобасы аясында белгілі болып отыр.
«Бұл тұрғын үйлер тиісінше рәсімделсе, жылдар бойы кезекте тұрған мұқтаж жандарға үлестіруге болар еді», - дейді прокурорлар.
Айта кеткен жөн, қазір Тараз қаласы бойынша 18 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.
«Қазір бұл үйлер азаматтарға беріліп жатыр. Әзірге екі адам алды. Солардың бірі 1-топ мүгедегі Тенгилиди есімді азаматша. Ол 12 жылдай пәтер кезегінде тұрған. Ал, екінші азамат кезекте 10 жыл тұрған», - дейді қала прокуроры Бекзат Сейілханов.