Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облысында коронавирустың алтыншы дерегі тіркелді.
«Науқас Тараз қаласының 69 жастағы тұрғыны. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы»,-деп жазылған ведомство хабарламасында.
Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.