Таразда 900 орындық көпсалалы аурухана бой көтермек

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Қайрат Жетібаев Тараз қаласында денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, ондағы медицина саласына қатысты басымдықтар әңгіме өзегіне айналды. Мысалы, Тараз қаласының өзінде таяудағы жылдары тындырымды тірліктер атқарылмақ.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін халықтың денсаулық көрсеткішін жақсарту, ана өлімін болдырмау бағытында нақты міндеттерді алға қойып отыр. Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларында жыл сайын 6 дәрігерден кем емес кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға, шетелдік мамандардың қатысуымен жылына бір рет 30 дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер үшін мастер-класстар өткізуге, жедел медициналық көмекті цифрландыруға, денсаулық сақтауда телемедицина мен жасанды интеллект енгізуге көңіл бөлінбек.

Сонымен қатар партия 2021 жылы «Автобекет» аумағында 200 орындық облыстық онкологиялық-диспансер құрылысын салуға, 2021 жылға қарай Анаға тағзым орталығының құрылысы, 2023 жылдан бастап 14 мөлтек ауданда көпсалалы облыстық 900 орындық аурухана құрылысын жүргізуге ықпал етеді.

Сондай-ақ 2021 жылы Массив Қарасу алқабында «Денсаулық аллеясының» құрылысын салуға, міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемін дамыту үшін жоғары технологияларды енгізе отырып, жетілдіруге күш салынатын болады.


«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді