Таразда абайсызда темір жол бойына құлаған әйелді жүк поезы басып кетті
09:47, 22 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Таразда абайсызда темір жол бойына құлаған әйелді жүк пойызы басып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-іне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешкісін Жамбыл-Тараз темір жол аралығының 3514-ші шақырымында орын алды. Ауыр жарақаттан 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты.