Таразда «Ауыл-Береке» базары өртенді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразада «Ауыл-Береке» базары өртенді.  Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, бүгін таңертең сағат 9:13-те өрт сөндіру қызметінің кезекшілік бөліміне Мәмбет батыр көшесі бойындағы «Ауыл-Береке» базары өртеніп жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

«Шамамен 700 шаршы метрді құрайтын он дүңгіршектегі киім-кешек өртенген. Сағат 09:47-де өрттің алды алынып, 10:01-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.
 

Ресми өкілдің дерегінше, өрт сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД жеке құрамының 49 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған.

Инстаграмдағы ЗеллоТараз парақшасында өрт кезінде түсірілген видео жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZELLO ТАРАЗ | 08 🍁 (@zellotaraz) 24 Ноя 2018 в 8:08 PST