Поляктың WORDOL Group компаниясы төрт жылдан астам уақыттан бері Жамбыл облысына ауыл шуаруашылығы техникаларын жеткізуде, осы жылдары барлығы бір миллион АҚШ долларынан астам техника жеткізіліп берілді.
Компания алдағы уақытта өткізу нарығын ұлғайтудан басқа, оның қызмет аясын да кеңейте түспек. Таразда құрылған қазақстан-поляк бірлескен кәсіпорны ең алдымен жамбылдық алқаптарда жұмыс істеп жатқан поляк ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсетуді қолға алмақ.
Бүгінгі таңда Тараздың шетінде болашақ сервис орталығына жер телімі таңдалуда. Сонымен қатар поляк тарабы энергия үнемдеу саласына да қатысуды жоспарлап отыр.