Таразда бала өзенге батып кетті

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда құтқарушылар суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 желтоқсан күні Таразда, Талас өзенінде Жамбыл облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы 14:53-те суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстарын жүргізді. Кеше 18:06-да іздеу тоқтатылды, нәтиже болған жоқ», - делінген хабарламада.

Баланы іздеуге бес адам және бір техника жұмылдырылды.

Ведомстводағылар белгісіз себеппен оқыс оқиға болғанын айтады. Баланың тұлғасы және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.