Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған, деп хабарлайды Kazinform Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.