Тараз қаласы, Әбдіров көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан уытты газдан уланған үй иесінің 5 баласы ауруханаға түсті.
Оқиға 23 желтоқсан күні болды. ТЖ департаменттің кезекші қызметіне хабарлама таңғы сағат 7:05-те түскен.
«13, 11, 7 және 3 жасар тағы екі баланың қазіргі жағдайы орташа күйде», - делінген ТЖД ақпаратында.
Оқиға орнына ТЖ департаментінің және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 4 қызметкері және 2 бірлік техникасы барып, оқиға салдарын жойды.