Сағат 15:34-те оқиға орнынан өрт сөндірушілер келді. Бұл кезде үйдің шатырының шамамен 100 шаршы метр аумағы өртеніп кеткен болатын. Осы кезде тұрғындарды эвакуациялау және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамынан 46 адам және 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Полиция қызметкерлері үйдің аумағын қоршап алды.