Таразда биіктігі 8 метрлік «ыстық субұрқақ» атқылаған

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Сәтбаев көшесінің бойында жылу құбыры жарылып, салдарынан ол жерде ыстық су атқылаған. Су шамамен 8 метр биіктікке көтерілді.

Қалалық ТКШ бөлімінен хабарлағандай, «субұрқақ пайда болғаны» туралы тұрғындар хабарлаған соң оқиға орнына шыққан «ТаразТрансЭнерго» МКК қызметкерлері оны екі сағат ішінде тоқтатты.

«Оқиға салдарынан жапа шеккендер жоқ», - деді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықов.