Таразда болған өрттен 25 жасар қыз ажал құшты

None
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Тараз қаласында көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 7 адамы жұмылдырылды.

Оқиға орнынан қауіпсіз жерге 15 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Өртенген пәтерден 25 жасар қыздың мәйіті табылды.