Таразда дауыл салдарынан бүлінген жерлер қалпына келтірілуде
«29 мамыр күні сағат 17.00-ден бастап Таразда қатты жел салдарынан сымдар үзіліп, талдар құлады. «Тұрғын үй эксплуатациялық қызметі» ЖШС мәліметі бойынша, «Солтүстік» станциясындағы тоқ жүйелерінің үзілуіне байланысты, «Толкучка» аумағында тұратын 200-ге жуық абонент электр жарығынсыз қалды. «ТГЭС» ЖШС-інің диспетчерлік қызметіне 204 өтініш түскен. ТГЭС ЖШС апаттан құтқарушы бригадасының күшімен (20 адам және 6 техника) 102 өтініш орындалды.
Сонымен қатар, төмен қысымды газ құбырына ағаш құлауы салдарынан VIII шағынауданындағы №5 үйдің тұрғындары газсыз қалды. «Жасыл Тараз» ЖШС жұмыскерлерімен (21 адам, 14 техника) қала көшелеріндегі сынған талдар және ағаш бұтақтарын, қоқыстарын тазалау жұмыстары жүргізілді», - дейді облыстың ТЖД баспасөз қызметі.