Ол алдымен киімдерді ілгіштен шешіп алып, бейнекамераға түспейтін жерге қойған сөмкесіне ұрланған заттарды салып отырған. Кейінірек оларды Шымкент қаласындағы базарлардың біріне апарып сатқан.
Күдікті дүкен иесіне жалпы сомасы 2 005 500 теңге көлемінде шығын келтірген.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, азаматша уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 200 адам қаржы пирамидасына алданғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Жамбылдық тұрғын пәтер алу үшін алаяққа жарты миллион теңге бергенін хабарлағанбыз.