Жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сайыстар өтті. Командалық додаға барлығы 15 команда қатысты. Нәтижесінде, Қызылорда облысының құрамасы қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. ШҚО командасы финалда 4:1 есебімен жеңіліп, күміске ие болды. Ал жарыстың қос қоласын Түркістан облысы мен Атырау облысы бөліп алды.
10:11, 09 Наурыз 2020
Таразда дзюдодан ел біріншілігі мәресіне жетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.