Таразда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Фото: Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Таразда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.  

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жекелей жарыстар нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Алматы қаласы (3 алтын, 1 күміс) көш бастады.

Екінші орынға Қостанай облысы (3 алтын) көтерілсе, Алматы облысы (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Чемпионаттың соңғы күнінде спортшылар аралас-командалық жарыста үздікті анықтады. Бұған барлығы 16 команда қатысты. Атырау облысының құрамасы топ жарып, Қазақстан чемпионы атанды. Финалист Жетісу облысының спортшылары күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал Шымкент қаласының құрамасы мен Алматы облысының жас дзюдошылары қола жүлдені теңдей бөлісті.

Жастар арасындағы ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен барлығы 557 жас татами шебері қатысты. Жарыс қорытындысына сәйкес 2025 жылы Азия және әлем чемпионаттарында Қазақстан намысын қорғайтын жастар құрамасы жасақталады.

Қазақстан чемпионатында мына спортшылар жүлдеге ілікті.

Қыздар

48 кг
1. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы),
2. Аяулым Тұрдике (Маңғыстау облысы),
3. Сабина Юлдашбекова (Шымкент),
3. Тасним Абдуали (Шымкент).

-52 кг
1. Сара Шугаева (Алматы қаласы),
2. Гүлхан Шыңғысхан (Атырау облысы),
3. Сымбат Тағай (Түркістан облысы),
3. Арай Дүйсенбай (Алматы облысы).

-57 кг
1. Карина Каркенова (Абай облысы),
2. Ботагөз Әділханова (Абай облысы),
3. Нұрай Камзаева (Жетісу облысы),
3. Ардақ Нұрсақ (Жамбыл облысы).

-63 кг
1. Жібек Жайсаңбай (Қызылорда облысы),
2. Ділназ Досберген (Жамбыл облысы),
3. Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент),
3. Дамеля Асылханов (Атырау облысы).

-70 кг
1. Көркем Орынбек (Алматы),
2. Сағира Әділ (Жетісу облысы),
3. Гүлдана Марлен (Жамбыл облысы),
3. Гүлсезім Тұрлыбек (Шымкент).

-78 кг
1. Анастасия Нагачевская (Алматы),
2. Рената Бекимова (Қарағанды облысы),
3. Томирис Ерғали (Қарағанды облысы),
3. Нұршат Кемелханқызы (Жетісу облысы).

+78 кг
1. Руслана Махатова (Қарағанды облысы),
2. Гүлдана Теңелбаева (Маңғыстау облысы),
3. Құралай Саттар (Шымкент),
3. Айымзада Думанқызы (Атырау облысы).

Ұлдар

-60 кг
1. Телжан Сұлтанбай (Алматы облысы),
2. Қайрат Жеңісұлы (Жетісу облысы),
3. Табылды Биғамбаев (Атырау облысы),
3. Дәрмен Есенгелді (Түркістан облысы).

-66 кг
1. Мағжан Әлжанов (Қостанай облысы),
2. Нұрсаят Абдуақас (Алматы),
3. Әли Болат (Қызылорда облысы),
3. Алмат Киштанбаев (Ақтөбе облысы).

-73 кг
1. Ернар Кеңесхан (Алматы облысы),
2. Мұхаммедали Закиров (Алматы облысы),
3. Дәулет Сейфил (Астана),
3. Ернат Исанов (БҚО).

-81 кг
1. Досбол Балғабай (Қостанай облысы),
2. Елзат Нұрмәділ (Жетісу облысы),
3. Акбар Алтай (Қарағанды облысы),
3. Сапарғали Салхан (Шымкент),

-90 кг
1. Арман Білалханов (Астана қаласы),
2. Батыржан Тоқтар (Алматы облысы),
3. Глеб Азаров (Қарағанды облысы),
3. Елболсын Төлебайұлы (Қызылорда облысы).

-100 кг
1.Санжар Ерұланұлы (Қарағанды облысы),
2. Қасиет Қарқын (Абай облысы),
3. Ерасыл Нұртаза (Алматы облысы),
3. Бибарыс Раис (Жамбыл облысы).

+100 кг
1. Ардақ Серіков (Қостанай облысы),
2. Әлихан Назымханов (Түркістан облысы),
3. Шерхан Алпанов (Қарағанды облысы),
3. Бейбарыс Сұлтан (Қызылорда облысы).

Бұдан бұрын биыл қаңтарда Орал қаласында жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында шымкенттік егіз қыздар Нұрсезім және Гүлсезім Тұрлыбектер өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанған еді. Осы жолы олар қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында командалық жарыста Атырау облысы үздік шыққанын жазған болатынбыз.