Таразда егде жастағы көлік жүргізушісі танымал қолөнершіге айналды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Алыс сапарларға қатынайтын көлік жүргізуші бойындағы өнерін ашқаннан кейін көпшілікке таныла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абылхан Өтепбергенов Айша бибі ауылында тұрады.Мамандығы – зоотехник. Жүргізуші бола жүріп, бүкіл қазақ даласын шарлап шыққан, Ресейдің Иркутск қаласына дейін жүк тасыған.Осыдан төрт жыл бұрын Абылхан ағада кенеттен сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау, ағаш ою өнеріояна бастаған.


«Қайдан келгенін білмеймін. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтысқа бардық.«Баласағұн» орталық концертзалыныңдәлізінде ашылған көрмеден көне ағаш ыдысты көрдім. Әдемі нақышты қошқармүйізгеқарап тұрып, менің де жасағым келді», - дейді Абылхан Өтепбергенов.


Үйінің ауласындажеміс бермей қойған зәулім өрік ағашы өсіп тұрған екен. Көлеңкесінен басқа пайдасы жоқ ағашты кесіп, кептіріп,қошқармүйіз жасауды қолға алған.

«Құрал-сайманым сай болған жоқ, пышақ, балта, аранықолдандым. Жасаған қошқармүйізім келініме ұнап қалды. Соған сыйлай салдым, олқошқармүйізді алып Маңғыстауға кетті. Кейінірек екіншісін де жасап, сыйғатарттым. Артынша, пиала, кесе, түрлі кәдесый атаулыны жасап жүрдім. Бастапқыдажасағандарым өзіме ұсқынсыздау көрініп жүрді, сондықтан сұрағандарға беріпжібере бердім. Жақында ғана сатуды қолға алдым», - дейді ол.


Қолөнерші үйінде -Жамбыл облысының Айша-бибі ауылында немесе 20 шақырымды еңсеріп, Тараздағыежелгі Төрткүл керуен сарайында жұмыс істейді. Мұнда облыстық Туризм басқармасыныңқол алуымен «Көне Тараз шеберлері» этножобасы іске асырылуда. Бұл керуен сарайдаосыдан 15 ғасыр бұрын Ұлы Жібек жолымен келе жатқан керуендер тоқтап,тыныстаған. Сондықтан, қайта жанданған Төрткүл керуен сарайы «Ұлы Жібек жолы»туристік бағдарының танымал нысандары тізіміне еніп отыр.

Абылхан ағаныңайтуынша, олардың тұқымында көркемөнер шебері, қолөнершілер болмаған. Сондықтанболар, өзінің өнерін хобби деп атап, оны жүргізуші кәсібімен қатар алып жүр.Дегенмен, оның қолынан шыққан бұйымдар Төрткүлге қыдырып келгендерді де,мамандарды да тәнті етіп жатыр. Немересі Мәдина да атасының шеберлігіне қызығып,оны үйренудің әлегінде.


Енді Таразға келетін туристер Төрткүлде тек ұлттықтағамдарды ғана емес, жамбылдық шеберлер жасаған қолөнер бұйымдарын да алумүмкіндігіне ие. Бұдан тыс, керуен сарайғакелген туристер алтыбақан теуіп, жай тартады, халық әндерін тыңдап, би билейді.Ең бастысы – он саусағынан өнер тамған шебердің көз жауын алар бұйымдарын жасау барысын тамашалай алады.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар