Таразда екі күнде 414 жаяу жүргiншi жауапкершiлiкке тартылды

Фото: Фото: Polisia.kz

Таразда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу iс-шарасы өтуде. Оның алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері 414 жаяу жүргіншіні жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жаяу жүргіншілердің өлімінің немесе жарақаттануының ең көп тараған себебі – жолды кез келген жерден кесiп өту әдеті. Негізінен балалы аналар мен жасөспірімдер жолда жүру ережесiн бұзатыны анықталып отыр. Балалар әрқашан ересектерге, ең алдымен ата-анасына еліктейтінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан үлкендер қай жерде де тәртiп пен жауапкершiлiктiң үлгiсiн көрсете бiлуi қажет.

Іс-шара барысында небәрі екі күнде қарапайым жол ережелерін сақтамайтын 414 жаяу жүргінші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 615-бабы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамауы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының мiндетiн атқарушы Серік Алдыбеков.

Бұған дейін Таразда 18 жастағы жүргізушіге бірден 5 айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.