«Жергілікті тұрғындар Таразды айналып ағатын каналдан суға батқан ер адамды көрген. 20 минуттан кейін марқұмның денесі судан шығарылды. Қаза тапқан адамның кім екені белгісіз, азиат, жасы шамамен 50-55-те. Үстінде киімі болған. Каналға қалай ағып кеткені белгісіз», - деп мәлім етті Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Бір апта бұрын дәл сол каналдан тағы адамның денесі табылған болатын. Департамент мәліметінше, марқұмның жасы 28-де болатын.
Шомылу маусымы басталғалы бері Жамбыл облысының өзен-көлдерінде 8 адам ажал құшты, оның бесеуі - бала. ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 7 адам, оның ішінде 2 бала суға кеткен.
Автор: Галина Скрипник