«Бізге жергілікті полиция қызметінен Таразда жеке үйде кішкене бала суға тұнғышып өлгені туралы хабар келіп түсті. Екі жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалып қойған. Жедел жәрдем қызметкерлері тек баланың өлімін тіркеген», - деп мәлім етті Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Сәуле Мунатаева.
Өңірлік ТЖД соңғы кезде облыста кішкене балалардың қайғылы жағдайға тап болуы жиілеп кеткенін атап өтеді. Келтірілген мәліметтер бойынша, тек шілде айының өзінде Таразда үш кішкене баланың көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен.
9 шілде күні 9 шағын ауданда 2 жасар бала үшінші қабаттағы үйдің терезесінен құлап кеткен. 11 шілдеде 2 шағын ауданда бес қабатты үйдің 4-қабатынан жеті жасар қыз бала абайсызда құлап кетті. Барлық бала ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда оқиға зерттеліп жатыр.