Таразда ерекше көліктер көрмесі өтті

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда тұңғыш рет автокөліктер көрмесі өтті. Онда қойылған көне темір тұлпарлардан бастап соңғы үлгідегі өте қымбат көліктердің коллекциясы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһарорталығындағы «Жастар» аллеясында өткен ерекше көрмеге халық өте көп жиналды.Шараны «Джип клуб Тараз» тобы және облыс әкімдігі бірлесе ұйымдастырған.

Ұйымдастырушыларкөрмеге қаладағы ең әдемі деген 50-ге жуық автокөлік және 10 шақты мотоцикларнайы таңдалып алынғанын айтады. Маркасы жағынан бірінен бірі оза шапқан теміртұлпарлар көздің жауын алып, көрушілерді қызықтыра түсті. Көрмеге келушілерөздеріне ұнаған көліктің жанында фотоға түсіп, қызықтап жатты. Тіпті атышулы«Бригада» сериалындағы көліктер де бұл көрмеден табылды. Ұйымдастырушылар қалаберді сонау соғыстан бері сары майшасақталған автокөліктерді де мұндаәкелген.

«Фестивальге50-ге жуық темір тұлпар қатысты. Арасында әйгілі «Бригада» сериалында бой көрсеткен Газ 21 Волга, Lincoln Town Carавтокөліктері де бар. Сондай-ақ, қалың жұртшылық назарына екінші дүниежүзіліксоғыстың көзін көрген көліктер де таныстырылды. Соның бірі Ford GPW автокөлігіниесі көрмеге эвакуатормен әкелді. Күнкөзіне шағылысқан Мерседес пен автоәуесқойлардың қызығушылығын тудырған БМВ-ніде дәл осы жерден таптық»,- дейді «ДЖИП КЛУБ ТАРАЗ» тобының мүшесі Евгений Дуюнов.

Көрмеге қойылғанкөліктердің ішіндегі ең көнесі — «ГАЗ – 67» автомашинасы. Бұл темір тұлпардыңиесі – Әбдужәлил Құрбанов. Ұзын саны 20 автокөлік құрастырған ол мұнда оныңалтауын әкелген.

«Жастар» жылы менЖамбыл облысының 80 жылдығына орайластырып өткізілген автокөліктер көрмесіненді жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар