ТАРАЗ. KAZINFORM – Тараз қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан кубогында төртінші күннің нәтижелері белгілі болды.
Бұл жолы еліміздің өңірлері мен қалаларынан келген еркін күрес шеберлері бақ сынады.
Бес салмақ дәрежесінде мына спортшылар жүлдеге ілікті.
57 кг:
1.Рахат Қалжан (Жамбыл),
2.Нұрданат Айтанов (Жамбыл),
3.Мерей Базарбаев (Алматы),
3.Сұлтан Құрманалиев (ШҚО).
65 кг:
1.Нұрсұлтан Садық (Жамбыл),
2.Әділхан Албайұлы (Ақтөбе),
3.Адлан Асқаров (Алматы обл.),
3.Майис Алиев (Маңғыстау).
74 кг:
1.Әлібек Әбдіқасымов (Алматы обл.),
2.Айбек Қальяхмет (Жетісу),
3.Арыстан Алқадыр (Жамбыл),
3.Мұрат Жақыпов (Ақмола).
86 кг:
1.Данияр Қайсанов (ШҚО),
2.Рүстем Мырзағалиев (Жетісу),
3.Болат Сақаев (Атырау),
3.Арнат Айтбеков (Жетісу).
92 кг:
1.Азамат Дәулетбеков (ШҚО),
2.Нұрдәулет Беккера (ШҚО),
3.Камиль Куруглиев (Маңғыстау),
3.Арыстан Қарабек (Шымкент).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер күресінен Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).