Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері түнгі мезгілде бекітілген әкімшілік аумақты шолу барысында «Lexus» маркалы авто жол ережесін бұзғанын көріп, тоқта деп ескерту жасаған.
Алайда автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің талабына қарамай, Алматы қаласына бағытталған тасжолда жылдамдықты арттырып, қозғалысын жалғастырған.
Полицейлер автокөліктің артынан қуған кезде оның алдыңғы дөңгелегі жарылған. Содан кейін ғана көлігін тоқтатып, ұсталды.
Көлік жүргізушісімен әңгіме барысында оның мас екені байқалған.
Медициналық сараптама қорытындысы оның орташа дәрежеде iшiмдiк және конобоидтық есірткі тұтынғанын анықтады.
Өзінің айтуынша, жағдайын білгендiктен полиция қызметкерлерінен қашып кетуді ұйғарған.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі, 230-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 9-бөлігі, 613-бабының 1-бөлігі, 608-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сондай-ақ жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Фото: видеодан алынған кадр