АЛМАТЫ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Маусымның 12-17-сі аралығында Таразда футболшы әрі жаттықтырушы А.Шохты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Оған 14 жасқа дейінгі бозбалалардың 8 командасы қатысады. Командалар екі топқа бөлінеді. Топтық кезеңнен кейін тоғысу матчтары өтіп, топ жеңімпаздары финалда кездеседі. Топта екінші орынға табан тіреген командалар үшінші орын үшін ойын алаңына шығады, деп хабарлады Қазақстанның Футбол федерациясынан.
Турнирге Тараз, Қызылорда, Талдықорған қалаларының құрамалары, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің құрамасы, Алматының «Цесна», Өзбекстанның «Машъал», Қырғызстанның «Абдыш-Ата» командалары және Қазақстанның құрамасы қатысады.
Турнирге дайындық аясында ҚР құрамасы маусымның 7-сі мен 11-і аралығында Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.